Санкт-Петербург, ү.ж. 22 сәуірде - Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен «Астана Опера» балет труппасы Dance Open халықаралық фестивалінде Санкт-Петербург қаласындағы Александринский театрының сахнасында өнер көрсетті.

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратова бастаған әртістер Санкт-Петербург қаласындағы Александринский театрының сахнасында өткен беделді халықаралық Dance Open фестивалінде өнер көрсетті.

Олар көпшілікке Лео Делибестің хореографиясы Ролан Петидің «Коппелия» балетінің қойылымымен шықты. 

Қойылым қазақстандық әртістердің орындаушылық шеберліктерінің жоғары деңгейін көрсетті. Франц рөліндегі Еркін Рахматуллаев пен Сванильда рөліндегі Шұғыл Әдепхан ерекше көзге түсті. Санкт-Петербург жұртшылығы балеринаның өзгеруіне таң қалды. Механикалық қуыршақтағы ойнақы қыздың бейнесі дәл және техникалық түрде берілген. Көрермендер спектакльді жылы қабылдады, труппаны тағзым етуге қайта-қайта шақырды.