2024 жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты Республикалық Референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының
18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығында жұмыс істейтін №422 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы:
Санкт-Петербург қ. - Рылеев көшесі, 10 үй.
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін біз Санкт-Петербург қаласындағы сайлаушылардан өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Ресей Федерациясындағы тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы)
s-petersburg@mfa.kz электронды поштасына алдын ала жолдауын сұраймыз.