«Жазғы этнолагерь - 2024» жолдамасын ұтып алуға болатын «Менің атым Қожа» байқауы туралы

«Жазғы этнолагерь - 2024» жолдамасын ұтып алуға болатын «Менің атым Қожа» байқауы туралы

Фильмнен өзіңізге ұнайтын көріністі таңдап, оны импровизациялап қайталаңыз және жазғы лагерьге тегін жолдама ұтып алыңыз!

 Байқаудың шарттары:

- Байқауға шетелде тұратын 12-17 жас аралығындағы этникалық қазақтардың балалары қатыса алады.

- «Менің атым Қожа» фильмін көргеннен кейін қатысушы өзіне ұнайтын көріністі импровизациялап қайталаған бейнежазбасын жібереді. Қатысушының шығармашылығы мен қиялы шектелмеген.

Бейне 1 минуттан кем емес және 3 минуттан аспауы керек.

- Бейнемен бірге 2024 жылдың 12 сәуіріне дейін oq.contests@gmail.com электрондық мекенжайына қатысушының мәліметтерін (аты-жөні, жасы, байланыс телефоны және тұратын елі) жіберуіңіз керек.

Үздік 5 қатысушы 2024 жылғы «Жас Қазақ» жазғы этнолагеріне ТЕГІН ЖОЛДАМА алады.

ЕСКЕРТПЕ: 2019, 2022, 2023 жылдары «Жас қазақ» жазғы лагерьлеріне қатысқан қатысушылар мен Қазақстан азаматтарына қатысуға рұқсат етілмейді.

«Жас қазақ» жазғы лагерінің қатысушылары лагерьге және кері қайту жол ақысын өздері төлейді.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 747 178 39 38