Қазақстандық актер Ресей мен жақын шет елдердің IV халықаралық «Lendoc Film Festival» киновестивалінің лауреаты атанды

Қазақстандық актер Ресей мен жақын шет елдердің IV халықаралық «Lendoc Film Festival» киновестивалінің лауреаты атанды

«Лендок» кинофестивалі 2020 жылы құрылған, 2023 жылы жоба жаңа деңгейге көтеріліп, алғашқы рет халықаралық сайыс жариялады. Санкт-Петербург қаласына 12 мемлекеттен 200-ден астам өтінім қабылданды. Нәтижесінде 24 кинофильм сайысқа қатысуға шақырылған.

26 және 27 тамызда Ресей мен жақын шет елдердің IV халықаралық «Lendoc Film Festival» кинофестивалі ойын байқауы аясында Санкт-Петербург Кино үйінде қазылар алқасы мен көрермендер Қазақстаннан келген авторлардың екі картинасын көрді: Режиссёр Дархан Төлегеновтың «Ағайындылар» фильмі және Режиссёр Максим Акбаровтың «Дала» фильмі.

Ойын байқауы аясында Сейдулла Молдаханов, «Дала» фильмінің актері үздік ер адам рөлі бойынша жеңімпаз атанды.

 

29 тамызда Қазақстан IV халықаралық «Lendoc Film Festival» киновестивалінің жабылу салтанатына қатысты. Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Леонидович Михно  «Дала» фильмінің актеріне Сейдулла Молдахановқа үздік ер адам рөлі жеңімпазына, мадақтамасын табыстады.