Ленинград қоршауын қорғаудың мемлекеттік мемориалдық мұражайында «Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқастарда» атты шығармашылық кеші өтті

Ленинград қоршауын қорғаудың мемлекеттік мемориалдық мұражайында  «Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқастарда» атты шығармашылық кеші өтті

Ү.ж. 25 қаңтарында Ленинград қоршауын қорғаудың мемлекеттік мемориалдық мұражайында блокада сақинасының ашылуының 80 жылдығына орайластырылған «Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқастарда» атты шығармашылық кеші өтті.

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов құттықтау сөз сөйлеп, Ленинград үшін шайқас бүкіл соғыстағы ең ұзақ шайқас болғанын, оның барысында КСРО-ның барлық халықтарының миллионға жуық өкілдері, соның ішінде қазақстандықтар қаза тапқанын атап өтті.

Шығармашылық кеш «КСРО халықтары Ленинградты азат етуде» мәдени ағарту жобасы аясында өтті. Іс-шара әдеби-музыкалық сүйемелдеумен Н.А.Римский - Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының түлектері орындауында және «Ата-Мекен» Санкт-Петербург және Ленинград облысы қазақ ұлттық-мәдени қоғамының төрағасы Әлия Кикенованың орындауындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндермен өтті.

Ұйымдастырушылар ретінде Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы мен Қала үкіметінің қолдауымен «Ата-Мекен» Санкт-Петербург және Ленинград облысы қазақ ұлттық-мәдени қоғамы» өңіраралық қоғамдық ұйымы және Ресей ұлттық кітапханасы болды.

Іс-шараға Санкт-Петербург қаласының мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ қонақтар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.