
2026 жылғы 20 тамызда Санкт-Петербург қаласындағы В. Маяковский атындағы кітапханада ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасына арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, студенттер, кітапхана оқырмандары және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Абайдың әдеби және рухани мұрасы, оның философиялық және адамгершілік идеялары кеңінен талқыланды. Студенттер ақынның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқып, әдеби композиция ұсынды.
Кітапхана қорына Абай Құнанбайұлының шығармалары табысталды. Бұл бастама оқырмандар арасында қазақ әдебиеті мен мәдениетін кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Д.Михно өз сөзінде Абай мұрасының ұлттық рухани құндылықтарды сақтау және дәріптеудегі маңызын атап өтіп, мәдени өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара соңында Бас консул Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды.
Іс-шара жылы әрі мазмұнды атмосферада өтті.