Санкт-Петербург пен Гатчинада Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған концерттері өтті

Санкт-Петербург пен Гатчинада Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған концерттері өтті

Санкт-Петербург, Ү.ж. 14 сәуірде — Солтүстік-Батыс аймақта көрнекті композитор әрі музыкатанушы Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ халық аспаптар оркестрінің мерекелік концерттері өтті.

13 сәуірде іс-шара Санкт-Петербургтің Мемлекеттік академиялық Капелласында ұйымдастырылды. Кештің өтуіне Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы, Ақтөбе облысының Мәдениет басқармасы және Санкт-Петербургтің Сыртқы байланыстар комитеті мұрындық болды. 14 сәуірде гастрольдік бағдарлама Гатчина қалалық мәдениет үйіндегі концертпен жалғасты.

Шығармашылық ұжым дала мұрасы мен заманауи үндестікті тоғыстырған бағдарламаны ұсынды: бағдарлама аясында қазақтың классикалық халық күйлері, Ахмет Жұбановтың таңдаулы туындылары мен Қазақстанның қазіргі заманғы композиторларының шығармалары орындалды.

https://qazaqstan.tv/news/225997