Санкт-Петербург қаласында Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдум қорытындылары талқыланды

Санкт-Петербург қаласында Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдум қорытындылары талқыланды

Санкт-Петербург үкіметінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындысын талқылауға арналған жиын өтті.

Қатысушылар қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін және оның соңғы жылдардағы ауқымды саяси өзгерістерді дәйекті жалғастыру бойынша бағытын атап өтті. Олардың пікірінше, Қазақстанның жаңа Конституциясы ішкі және сыртқы сын-қатерлерге өзгерістер мен жауаптарды көрсетеді.

Сондай-ақ, олар жаңа Негізгі Заң Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға қызмет ететініне сенім білдірді.