Ресейдегі қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады

Ресейдегі қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады

2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығында №454 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі, 71-үй.

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Санкт-Петербургтегі учаскеде дауыс беруді жоспарлап отырған сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін электрондық поштаға kazconspb@mail.ru келесі мәліметтер жіберу туралы өтініш: Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, Ресейдегі тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.