«QazETA» шетелдік азаматтарға арналған цифрлық платформасы

«QazETA» шетелдік азаматтарға арналған цифрлық платформасы

         Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының «QazETA» көші-қон және шекаралық бақылаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің пилоттық жобасын енгізгені туралы хабарлаймыз.

         QazETA – шетелдіктердің «бір терезе» қағидаты бойынша негізгі көші-қон және ілеспе қызметтерге ыңғайлы, ашық және қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттук цифрлық платформа (шетелдіктер үшін бірыңғай цифрлық терезе).

         Жоба шетелдіктердің Қазақстанның мемлекеттік органдарымен заманауи және жайлы өзара іс-қимылын қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

         QazETA платформасы мыналарға бағытталған:

  • Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу, болу рәсімдерін оңайлату;
  • Елге кіруден бастап күнделікті қызметтерге дейін шетелдіктің мемлекеттік сервистермен дәйекті өзара іс-кимылын қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық жүйе құру;
  • Процестердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін

қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;

  • Базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильді форматқа көшіру;

         Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда келесі қызметтер қол жетімді:

  • Электрондық визалар беру (e-Visa);
  • Электрондық қіруге рұқсат (ETA) ресімдеу;
  • Қазақстан Республикасының электрондық резиденті (e-Residency) мәртебесін алу;
  • Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).

Платформаның негізгі қызметтері:

1.Электрондық виза (е-Visa)

         Электрондық виза – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру бойынша Мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.

         104 елдің азаматтары (тізім) келесі санаттар үшін бір реттік электрондық визаны ресімдей алады: “A3” (қызметтік), “A5” (инвесторлық), “B1”, “B2”, “B3”, (іскерлік), “B9-1” (Digital Nomad Visa), “B10” (жеке), “B12” (турист), “C12” (емдеу үшін).

         Электрондық виза электрондық ресімделген шақыру негізінде беріледі, виза алушы үшін ғана қолданылады және ілесуп жүретін адамдарға қолданылмайды.

         Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жарамды электрондық визаны пайдалаа отырып, тек қана халықаралық әуежайлыраның өткізу пункттері арқылы ғана Қазақстан Республиқасының аумағына келіп, Қазақстан Республикасының аумағынан кете алады.

  1. Электрондық кіруге рұқсат (Electronic Travel Authorization, ETA)

         ETA Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердін азаматтарына арналған. Рұқсат электронды түрде ресімделеді.

         Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отырған Шетелдіктер сапарға дейін 72 сағаттан кешіктірмей мобильді қосымша арқылы ЕТА алуға өтінім береді.

         ЕТА жарамдылыө мерзімі – 180 күн.

         Шетелдіктердін Қазақстанда болуының нақты мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.

         Бұл ретте, берілген ЕТА рұқсаты ҚР аумағына кіруге кепілдік бермейді.

Елге кіргізу туралы түпкілікті шешімді шекаралық бақылаудан өту кезінде ҚР уәкілетті мемлекеттік органы қабылдайды.

         ЕТА алу қажеттілігінен келесі санаттағы азаматтар босатылады:

  • Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;
  • Ресми делегациялардың мүшелері;
  • ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері.

         Пилоттық кезеңде Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердің азаматтары үшін ЕТА алу ұсынымдық сипатта болады. Ол аяқталғаннан кейін азаматтардың аталған санаттары үшін міндетті ЕТА алуды кезең-кезенімен енгізу жоспарлануда.

  1. Электрондық резиденттік (е-Residency)

e-Residency – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО)

юрисдикциясы шеңберінде ҚР шегінен тыс жерлердегі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға цифрлық мемлекеттік және коммерциялық сервистерге қол жеткізуді ұсынатын инновациялық құрал (нұсқаулық).

  1. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).

         Болашақта медициналық сақтандыруды ресімдеуді, ЕТА иелері үшін шекаралық бақылаудан жедел өту мүмкіндігін, сервистік алымды төлеуді, басқа да цифрлық сервистерді қоса алғанда, фунционалдылықты кеңейту жоспарлануда.

         QazETA мобильді қосымшасын PlayMarket және Appstore-да жүктеіге болаты «QazETA мобильді қосымшасының Пайдаланушы нұсқаулығы).

         Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстар электрондық пошта арқылы қыбалданады support@qazeta.kz