Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Дәурен Абаев пен Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно 1944 жылы 14 қаңтарда қаза тапқан мерген, Кеңес Одағының Батыры ерлігінің 82 жылдығына орай Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шараға Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитетінің, Санкт-Петербург қаласының Красногвардейск ауданының әкімшілігінің, қазақстандық әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.