Санкт-Петербург қаласында Республика күнін және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуын атап өтті

Санкт-Петербург қаласында Республика күнін және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуын атап өтті

Санкт-Петербург - 2025 жылғы 24 қазан, Республика күнін мерекелеу аясында, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Санкт-Петербург қаласындағы Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл қою рәсімін өткізді. 

Санкт-Петербургтегі артиллерия, инженерлік әскерлер және байланыс әскерінің әскери-тарихи мұражайында Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы деректі фильм көрсетілуімен бірге «Ұлы Жеңіс мергендері» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Ә.Абаев, Санкт-Петербургтің дипломатиялық корпусы, қала басшылығы, әскери академиялардың қазақстандық студенттері, студенттер, диаспора, қоғам өкілдері және т.б.

Сондай-ақ, Ә.Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай жас Әлияның ерлік жасап, қайғылы қазаға ұшыраған Псков облысына іссапар ұйымдастырылды. Монаково ауылындағы Әлия Молдағұлованың бейітіне, сондай-ақ Новосокольникидегі қалпына келтірілген ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шара Қазақстан мен Ресей арасындағы рухани және мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан маңызды үлесі, ортақ тарихты құрметтеудің және халықтарымызды біріктіретін батырлар туралы жадыны сақтауға ұмтылыстың символы болды.