
2025 жыл 8 қазан - XIV Санкт-Петербург халықаралық газ форумының алаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» ЖАҚ Басқарма Төрағасы Алексей Миллердің жұмыс кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында газ саласындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды. Тараптардың ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағытталғандығы атап өтілді. Газды ұзақ мерзімді өңдеудің негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.