Абай облысы әкімдігінің Карелия Республикасына сапары өтті

Абай облысы әкімдігінің Карелия Республикасына сапары өтті

2025 жылғы 25-26 қыркүйек, Карелия Республикасы - Абай облысы делегациясының Карелия Республикасына ресми сапары аясында Абай облысының әкімдігі мен Карелия Республикасының Үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат сауда, ғылым, мәдениет, гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуды көздейді.

Қазақстан тарапынан меморандумға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, ал Карелия тарапынан республика басшысы Артур Парфенчиков қол қойды.

Карелияның экспорттық құрылымының негізгі бөлігін азық-түлік өнімдері, соның ішінде «Торговый дом Ярмарка» компаниясының дайын жарма өнімдері, сондай-ақ ағаш өңдеу өнеркәсібі, қағаз, картон және қара металл бұйымдары құрайды. Өз кезегінде Қазақстан Карелияға жабдықтар мен механикалық құрылғылар жеткізеді.

Сонымен қатар туризм, білім және мәдениет салаларындағы байланыстар да дамып келеді. Бұл бағыттар өңірлер арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді.