Санкт-Петербург, 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Жамбыл облысының Әкімі Е.Қарашөкеев бастаған делегациясының іс-сапары өтті. VII Балтық өңірлік инвестициялық BRIEF’25 форумының алаңында Жамбыл облысының Әкімі Е.Қарашөкеев Ленинград облысының Губернаторы А.Дрозденкомен кездесті.
Байланыс биржасы аясында Жамбыл облысының делегациясы Ленинград облысының Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшылығымен, Ленинград облысының өнеркәсіпті дамыту орталығымен, сондай-ақ өңірдің тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, байланыс алмасты.
Кездесу аясында тараптар ауыл шаруашылығы, тамақ және металлургия өнеркәсібі, атом энергетикасы, сондай-ақ білім беру саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.