Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Майя Ивановна Исиналиеваны 95 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Майя Ивановна Исиналиеваны 95 жылдық мерейтойымен құттықтады

Санкт-Петербург, 29.05.2025 жыл - Бас консулдықтың ұжымы Қазақ КСР-нің бұрынғы Сыртқы істер министрі Михаил Иванович Исиналиевтің жұбайы Майя Ивановна Исиналиеваны 95 жасқа толған туған күнімен құттықтады.

Жылы атмосферада өткен кездесуде Майя Ивановнаның атына ізгі тілектер мен құттықтаулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының белгілі мемлекеттік қайраткерлері мен қоғамдық ұйымдарының атынан құттықтаулар табысталды.