Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Италия Республикасының Ұлттық басқару мектебі ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Италия Республикасының Ұлттық басқару мектебі ынтымақтастықты нығайтуда

30 мамыр 2024 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Италия Республикасы Ұлттық басқару мектебінің Халықаралық және еуропалық қатынастар департаментінің директоры Массимо Гайанимен кездесу өткізді.

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат бойынша оқу бағдарламаларды жасақтау, тәжірибесімен алмасу, мемлекеттік қызметке таланттарды тарту әдістері мен құралдарын талқылау, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, екі жақты тағылымдамаларды ұйымдастыру, академиялық ұтқырлықты дамыту кездесудің басты тақырыптары болды.

SNA - Италияның мемлекеттік қызметшілерін мансаптық дәрежелері бойынша оқытатын, басшы лауазымға іріктеу емтихандарын өткізетін, үздіксіз білім беру саласында қызмет көрсететін алдыңғы қатарлы басқару мектебі.

2024 жылғы қаңтарда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Италия Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын.