Қазақстан әлемдік туризм рейтингісінде жоғарылады

Қазақстан әлемдік туризм рейтингісінде жоғарылады

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризмді дамыту индексі бойынша туристік бағыттар тізімінде 119 елдің ішінде 52-ші орынға ие болды.

Айта кететін жайт, осыған дейінгі рейтингте Қазақстан 117 елдің арасында 66-шы орында тұрған болатын.

Еліміз келесі номинациялар бойынша ең жоғары баға алды: бағаның бәсекеге қабілеттілігі (2-орын), туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5-орын), денсаулық сақтау және гигиена (23-орын), табиғи (30-орын) және мәдени ресурстар (48-орын), сондай-ақ адам капиталы және еңбек нарығы (43) және туризм инфрақұрылымы мен қызметтері (47).

Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие ел болды.