Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаевтың Мальтаға жұмыс сапары өтті

Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаевтың Мальтаға жұмыс сапары өтті

Валлетта қаласы, 12 қаңтар 2023 жыл. Қазақстанның Мальта Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Ерболат Сембаев Валлеттаға сапары аясында Мальта Президенті Джордж Велланың сол елде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен дәстүрлі жаңа жылдық кездесуіне қатысты.

Сонымен бірге, қазақстандық дипломат басқа мемлекеттердің елшілерімен бірге Мальта Премьер-Министрі Р.Абеламен құттықтау алмасу іс-шарасына және жаңа 2023 жылды мерекелеуге арналған салтанатты қабылдауға қатысты.

Сол күні Қазақстан Республикасының Елшісі Е.Сембаев Мальтаның Сыртқы және еуропалық істер және сауда министрі Я.Боргпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтудің және нығайтудың маңыздылығы, сондай-ақ сауда, инвестиция және туризм сияқты салалардағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті атап өтілді.

Е.Сембаев Я.Боргты Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалармен, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетімен таныстырып, Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы саяси бастамалары, соның ішінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жаһандық мәдениетаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесі жөнінде айтып берді.

Өз кезегінде Мальтаның Сыртқы және еуропа істері және сауда министрі Я.Борг Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалап, екі ел арасындағы сауда және инвестиция, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін білдірді.