Италия Республикасының Президенті Серджио Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады

Италия Республикасының Президенті Серджио Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады

Рим, 24 қараша 2022 ж. Италия Республикасының Президенті Серджио Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау хат жолдады. С.Маттарелла Қ.Тоқаевқа толағай табыс тілей отырып, екі елді биыл 30 жыл толған кезеңге жеткен екіжақты тығыз қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

«Италия заңдылықты нығайтуға және елді жаңғыртуға бағытталған өршіл реформалардың дамуын қызығушылықпен бақылап отыр. Қазақстан мен жалпы Орталық Азия өңірі үшін тұрақтылық пен дамудың жаршысы болып табылатын бұл үдеріс Еуропалық Одақпен қарым-қатынастардың қарқынды нығаюына байланысты ерекше маңызға ие», - делінген хатта.