Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай Римде іс-шаралар өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және  Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай Римде  іс-шаралар өтті

Рим, 2021 жылдың 31 тамыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Италия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимаратында «Дүниежүзілік қауымдастықпен танылған Қазақстан» атты фото көрме, сонымен қатар Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) жабылуының 30 жылдығына арналған брифинг өтті.

Іс-шараны ашу қарсаңында, Италиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ерболат Сембаев еліміздің басты жетістіктерін қатысушыларға айтып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік жылдары еліміздің дамуы мен қалыптасуындағы ерекше рөлін атап өтті. Бұдан басқа, Елші саяси жүйені жаңғырту мен адам құқықтарын әрі қарай сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың реформалар жинағын іске асырудың барасы туралы хабарлады. Соның ішінде, «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы түсіндірілді.  

Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына ядролық сынақтардың зардаптары туралы видеоролик арналды. Н.Ә. Назарбаевтың СЯСП жабуы және ядролық қарудан бас тарту жөніндегі шешімін бүгінгі таңда дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі деп танитындығын Елші атап өтті. 

Қарусыздандыру және таратпау масқаттарына қол жеткізуге қосқан елміздің үлесін айрықша баса айтатын материал қатысушылардың ерекше қызығушылығын танытты.

Қорытынды бөлімде қонақтар назарына елімізде болып жатқан динамикалық түрлендірулер, оның тарихи көрнекті жерлері мен табиғаттың көрікті аймақтарын ашып көрсететін фото көрме өтті.

Іс-шараға қазақстандық-итальяндық парламент аралық достық тобының мүшелері, іскерлік және ғылыми сала өкілдері, сонымен бірге Италияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.

Нәтижесінде іс-шара қатысушылары Қазақстанды мерейтойлық датамен құттықтап, елміздің өркендеуі мен табысқа жетуін тіледі.