Италиядағы Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!
2021 жылдың 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қазақстан Республикасында халық санағы өткізіледі. ҚР Үкімет қаулысы мен Халықтың ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын көріңіз.
Санақ өткізуге кімдер жатқызылады?
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша Италияда ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапармен (12 айдан астам) жүрген (отбасы мүшелерімен қоса) (санақ өткізу кезеңінде), сонымен қатар 12 айдан аспайтын қысқа мерзімді қызметтік іс-сапармен, келісім-шарт бойынша жұмыспен немесе вахталық тәртіпте, оқуда (соның ішінде «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқушылар, елде болмау мерзіміне қарамастан) және басқа да себептермен (мысалға, қонаққа, емделуге, демалуға және т.б.) жолға шыққан Қазақстан азаматтары жатады.
Халық санағына қалай қатысуға болады?
1) 2021 жылдың 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz сайтында электрондық түрде өздігінен санақ парағын толтыру арқылы. Аталған сайтта тіркеліп, авторизациядан өткен соң азаматтарға толтырылуға тиіс санақ парақтарының электрондық нұсқалары қол жетімді болады. Толтырылған санақ парақтары Санақ мәліметтер базасына автоматты түрде түседі. Видеонұсқалық келесі сілтемеде көрсетілген: https://www.youtube.com/watch?v=l4ytnEOSqaI
2) 2021 жылдың 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында санаққа онлайн-қатысу бойынша техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, Италиядағы ҚР Елшілігіне жеке бару арқылы. Бұл жағдайда алдын-ала жазылу қажет.
Италиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің байланыс нөмірлері:
Италиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігі, Рим қ., via Cassia 471.
Байланыс телефоны (+39) 06 363 011 30
Факс (+39) 06 362 926 75
E-mail roma@mfa.kz
Назар аударыңыз! Халық санағы телефон арқылы жүргізілмейді. Телефондық алаяқтықтардың құрбаны болмас үшін аталған мақсаттармен болған қоңырауларға елемеуіңізді сұраймыз.
Халық санағында жеке қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Сіз үшін оны жақын туыстарыңыз істей алады (ата-ана, балалар, жұбайы, туған аға және әпке).
Санақ парағында келесі сұрақтар қойылады: ұлттық тиесілілік, отбасы жағдайы, бала туу, көшіп-қону, білім деңгейі және тілдерді білу және т.б. Сонымен қатар, БҰҰ мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылған, олардың мақсаты мүгедектік критерияларына назар аудара отырып, денсаулық сақтау статистикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге септігін тигізу болып табылады.
Халық санағы не үшін қажет?
Санақ жүргізу нәтижесі алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың жағдайы туралы ақпарат береді, әлеуметтік саясатты іске асыруға жұмсалатын қаржылық шығындарды бағалау үшін қажетті көрсеткіштерді есептуге мүмкіндік береді, халық саны мен құрамы жөнінде ұзақ мерзімді болжамдарға негіз болады.
Халық санағы мәліметтерінің негізінде отбасыларды, балаларды, мүгедектер мен егде жас адамдарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар қалыптастырылады; емханалар, бала-бақшаларды, тұрғын үй құрылысы көлемін және басқа да инфрақұрылым объектілерін (жол, электр желісі, газ құрыбы және т.б.) салу бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар құрылады.
Халық санағына қатысатын әрбір азамат өзі туралы ақпаратты хабарлайды, ал бұл өзі қатысты халық тобына арналған әлеуметтік бағдарламаларды өңдеуге қатысады дегенді білдіреді. Мысалға, жұмыссыздардың сауалнамада қойылған сұрақтарға жауабы еңбек нарығын зерттеп, қажетті жерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Балалар саны туралы мәлеметтер мектеп, бала-бақша және басқа балаларға арналған мекемелердің құрылысы бойынша жоспарларды түзетуге көмектеседі. Мекен-жай жөніндегі ақпараттар сіздің үйіңізге дейінгі жол құрылысын жоспарлауға септігін тигізеді.
2021 жылдың халық санағына қатыса отыра, Сіз өзіңіздің өміріңізді жақсартуға үлес қоса аласыз.