Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелла мен Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониге Италия Республикасының 80-жылдығына орай құттықтау хаттар жолдады

Рим, 2026 жылғы 2 маусым Құттықтау хаттарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің ерекше маңызын атап өткен.

«Бүгін біз итальяндық достарымызбен бірге сіздердің ұлы халықтарыңыздың бай тарихи мұрасын, бірлігі мен өркендеуін атап өтудеміз. Қазақстан Италиямен берік достық пен өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Біздің жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогымыз түрлі салалардағы сауда-экономикалық байланыстармен қатар біздің көпқырлы ынтымақтастығымыздың беріктігінің айқын дәлелі» - делінген хаттарда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның прогресс пен инновациялар жақтаушысы ретінде әлемді одан әрі рухтандыра беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті С.Маттарелла мен Дж.Мелониге толағай табыстар, ал достас Италия халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.