Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі республикалық референдум туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі республикалық референдум туралы ақпараттық хабарлама

Құрметті отандастар!

Сіздерді 2026 жылғы 15 наурызда (Рим уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №409 референдумның учаскелік комиссиясында өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің мекен-жайы: via Cassia 471, 00189, Рим қаласы.

Сонымен бірге, дауыс беру тасымалданатын жәшік ұйымдастыру арқылы Милан қаласында да өткізілетінін хабарлаймыз. Миландағы дауыс беру орнының мекен-жайы: via Carmine 11. Миландағы дауыс беру уақыты: 11.30-дан 14.30-ға дейін.

Дауыс беретін күні өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарыңыз болуы керек.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі республикалық референдум жөніндегі қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми сайтынан таба аласыздар.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және референдумда дауыс беруге қатысу құқықтарыңызды іске асыруға шақырамыз!