
Құрметті отандастар!
2026 жылғы 15 наурызда (Рим уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №409 референдумның учаскелік комиссиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру өтеді.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №409 референдумның учаскелік комиссиясының дауыс берушілер тізіміне жасы он сегізге толған, Италия аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттары бар азаматтар енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің мекен-жайы: via Cassia 471, 00189, Рим қаласы.
Сонымен бірге, дауыс беру тасымалданатын жәшік ұйымдастыру арқылы Милан қаласында да өткізілетінін хабарлаймыз. Миландағы дауыс берудің орны мен уақыты жөнінде қосымша хабарланатын болады.
Дауыс берушілер тізіміне ену үшін Қазақстан Республикасының Италия аумағындағы кәмелетке толған әрбір азаматы https://kazreferendum.info/ сілтемесі бойынша дауыс беруге қатысуға арналған алдын-ала тіркеуден өтуі қажет.
Дауыс беретін күні өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарыңыз болу керек.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөніндегі республикалық референдум жөніндегі қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми сайтынан таба аласыздар.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және референдумда дауыс беруге қатысу құқықтарыңызды іске асыруға шақырамыз!