Римде Қазақстан киносының күндері ашылды

Римде Қазақстан киносының күндері ашылды

Рим, 2025 жылғы 24 қараша – Бүгін «Вилла Боргезе» саябағындағы «Casa del cinema» кинотеатрында Римдегі Қазақстан киносының күндері ашылды. Кинофестиваль режиссер Думан Еркімбектің «Qaitadan» фильмінен басталды. Кино күндерін өткізудің мақсаты – итальяндық жұртшылықты Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасымен таныстыру, оның киноиндустриясының әлеуетін көрсету. Іс-шара екі ел арасындағы ұзақ мерзімді мәдени диалогты дамытуға бағытталған.

Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев Римдегі Қазақстан киносының күндерінің еліміздің тарихи және мәдени мұрасын ілгерілетуге ғана емес, екі ел халықтарының рухани жақындасуына арналған Қазақстан мен Италия арасындағы тағы бір маңызды мәдени жоба екенін атап өтті.

«Римдегі Қазақстан киносының күндері өткізу – Қазақстан мен Италияның ауқымды мәдени өзара іс-қимылының заңды жалғасы. Жақында Римде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлына ескерткіш аштық. Ал елордамыз Астана қаласының көшелерінің бірі аты аңызға айналған итальяндық саяхатшы Марко Полоның есімімен аталатын болады. Алда көптеген өзара мәдени жобалар бар және бүгінгі іс-шара елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды нығайту тұрғысынан өте маңызды", – деп атап өтті Елші Е.Сембаев.

Кинофестивальдің ашылуында «Қазақфильм» киностудиясының Басқарушы директоры Күләш Жұмаханова мен «Qaitadan» фильмінің режиссері Думан Еркімбек сөз сөйлеп, фильмдеріміздің өзара мәдени байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Римдегі Қазақстан киносының күндерін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Varantfilm» кинокомпаниясының көмегімен «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырды. 24-26 қараша аралығында жалғасатын күндер бағдарламасында «Qaitadan» фильмінен басқа режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері де бар.