Қазақстанның Италиядағы Елшісі Милан префектісімен және "Интер" футбол клубының Президентімен кездесті

Қазақстанның Италиядағы Елшісі Милан префектісімен және "Интер" футбол клубының Президентімен кездесті

Миланға сапар барысында Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев қаланың префектісі Клаудио Сгаральямен кездесті. Тоскана аймағындағы Қазақстанның құрметті консулы Федерико Альбини қатысқан кездесуде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Миландағы Бас консулдығының ашылуы мәселелері талқыланды. К. Сгаралья бірлескен экономикалық және мәдени жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

"Интер" футбол клубының президенті Джузеппе Мароттамен кездесуде спорт саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Италия футбол клубының басшысы Қазақстанда "Интер" футбол академиясын ашу мүмкіндігін қарастыруға, Қазақстанға футболды дамытуға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.