БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ерболат Сембаев Римдегі ФАО конференциясының 44-ші сессиясының пленарлық отырысына қатысты. Отырыс «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инновацияларды ынталандыру» тақырыбына және ФАО-ның 2022-2031 жылдарға арналған Стратегиялық негіздемелік бағдарламасын іске асыру мәселесіне арналды.
Өз сөзінде Е.Сембаев қазіргі уақытта Қазақстан цифрландыру, техниканы жаңарту қарқынын арттыру, тұрақты және климатқа бейімделу технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған аграрлық ғылымды дамыту сияқты төрт негізгі жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Қазақстанда 200 млн гектардан астам аумақта ауыл шаруашылығы алқаптарының цифрлық карталары жасалды. Көптеген фермерлер өздерінің есепке алу жүйелерін жүргізеді, топырақтағы минералдардың құрамын бақылайды, тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғау құралдарының тиімділігін талдайды», - деп атап өтті Е.Сембаев.
ФАО жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің айтуынша, цифрландыру техниканы жаңартуға сүйенеді және бұл үшін Қазақстанда заманауи техниканың қолжетімділігін арттыру үшін жағдайлар жасалуда.
«Бүгінде біздің егістіктерімізде жасанды интеллект элементтерімен және автоматты навигация жүйесімен жабдықталған заманауи тракторлар, комбайндар, сепкіштер жұмыс істейді. Фермерлер топырақ ылғалдылығы, температура және қоректік заттардың құрамы мониторингінің сезбегілерін енгізуде», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.
Сонымен қатар, Е.Сембаевтың айтуынша, Қазақстан ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқаратын тұрақты және климатқа бейімделу технологияларын дамытуға баса назар аударады.
«Қазақстан су үнемдеу технологияларына инвестициялық субсидияларды қоса алғанда, су үнемдеуді қолдау бағдарламаларын әзірледі. 2025 жылға қарай су үнемдеу технологияларына арналған алаң, яғни тамшылатып суару, жаңбырлату қондырғылары, лазерлік тегістеу технологиялары және т.б. – 470,1 мың га жерді құрады», - деді Е. Сембаев.
Қорытындылай келе, ФАО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Е.Сембаев Орталық Азияның инновациялық технологияларды дамытуда әлеуеті жоғары екенін және болашақта ФАО-ның озық агроинновацияларын қолдану үшін өңірлік алаңға айналуы мүмкін екенін атап өтті.