Қазақстан мен Италия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Италия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Неаполь, 4 маусым 2025 жыл - Ү.ж. 3-4 маусымда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Италияға жұмыс сапары өтті. Сапар аясында А.Балаева Неаполь қаласында өткен ЮНЕСКО-ның «ХХІ ғасырдағы мәдени мұра» атты тақырыптағы екінші конференциясына қатысты. Сапар барысында сондай-ақ Министр А.Балаева Италияның Мәдениет министрі А.Джулимен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, екі ел әртістерінің гастрольдері, бірлескен көрмелер өткізу, Қазақстан мен Италияның ұлттық музейлері мен театр ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ музыка мен кинематография салаларындағы өзара байланысты одан әрі кеңейту сияқты мәселелер сөз болды.

Тараптар сондай-ақ реставрация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанда реставрация орталығын ашу мәселесі жөніндегі бірлескен жобаны да талқылады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева итальяндық әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде Италия Мәдениет министрі А.Джули Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін білдіріп, итальяндық тараптың ҚР Ұлттық музейі мен Италияның орталық реставрация институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниетті екендігін хабарлады.