Жидда, 2025 жылғы 27 сәуір – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Жидда Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Имад әл-Абудпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, соның ішінде екі елдің іскер топтарының қатысуымен сауда миссияларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Елші М.Меңілбеков сауд тарапын 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумы туралы хабардар етіп, бұл шара өңір кәсіпкерлері үшін қызықты болуы мүмкін екенін және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға жақсы алаң бола алатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық білдіріп, биылғы жылы Жидда қаласында Қазақстан Республикасының сауда миссиясын өткізуге уағдаласты.