Ар-Рияд, 2025 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Королдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясындағы Халықаралық көші-қон ұйымы өкілдігінің басшысы Ашраф Эль Нурмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен оқу бастамасын іске асыру және көші-қон мен шекара қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық көші-қон ұйымы арасындағы болашақ ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Тараптар халықаралық көші-қон және шекаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында серіктестікті нығайту мен бірлескен білім беру және практикалық бастамаларды дамыту маңызды екенін атап өтті.