ОҚПУ мен Король Халид университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум

ОҚПУ мен Король Халид университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум

Ар-Рияд, 2025 жылғы 13 сәуір – Сауд Арабиясының астанасында «Адам мүмкіндіктерін дамыту бастамасы» (Human Capability Initiative) форумы аясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚПУ) мен Король Халид университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Сауд Арабиясы жоғары оқу орындары арасындағы алғашқы келісімдердің бірі болып табылады.​

Меморандумға ОҚПУ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректоры профессор Гүлжан Сүгірбаева мен Король Халид университетінің президенті доктор Фаллех Әл-Сулами қол қойды. ​Салтанатты шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков, ОҚПУ проректоры Ержан Керімбеков, сондай-ақ Қазақстанның Корольдіктегі Елшілігінің қызметкерлері​ қатысты.

Бұл келісім екі ел арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады, білім алмасу, бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамытуға ықпал етеді. Меморандумға қол қою екіжақты қатынастарды нығайту және жаһандық білім беру стратегиялары аясында адам әлеуетін дамыту бастамасын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады.