Наурыз: Қазақстанның Ұлттық киім күні

Наурыз: Қазақстанның Ұлттық киім күні

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі жерлестерімізді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы әрбір қазақтың жүрегінде ерекше орын алатын, ұлттық дәстүрімізді, тарихымызды, мәдениетімізді ұлықтайтын айрықша мереке.

Бүгін, 18 наурыз – Ұлттық киім күні, бұл күні біз ұлттық киімдерімізді мақтанышпен киіп, салт-дәстүрімізді қадірлей отырып, болашақ ұрпаққа өнеге көрсетеміз. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айқын көрінісі. Әрбір киім үлгісі, өрнек, тігіс біздің терең тарихымыз бен рухани байлығымызды айқындайды.