Ар-Рияд, 2025 жылғы 17 наурыз – Сауд Арабиясының астанасында Орталық Азия Елшілерінің ПШАМЫК басшылығымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдері мен ПШАМЫК арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, екіжақты, көпжақты және өңіраралық ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, Араб мемлекеттері шығанағы мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары және биік деңгейдегі саяси диалогты дамыту перспективаларына ерекше назар аударды.
Осы тұрғыда қатысушылар ортақ мүдделер үшін ынтымақтастықтың барлық салаларында Кеңес пен ОА елдері арасындағы қатынастарды дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.