Елші Б.Арын дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Елші Б.Арын дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Ар-Рияд, 2024 жылғы 24 сәуір - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Елші Б.Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Абдрахман Ар-Рассимен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы, оның ішінде БҰҰ, ИЫҰ және басқа да ірі халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуына, халықаралық бастамаларды өзара қолдаудың жолға қойылған тәжірибесіне қанағаттанарлықтарын білдірді.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі ретіндегі миссиясын орындау барысында көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін САК СІМ басшылығына алғысын білдірді.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Ар-Расси Б.Арынның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры лауазымындағы жұмысына жәрдемдесуге дайын екенін растады.