Елші Б.Арынды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Сауд Арабиясының Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі қабылдады

Елші Б.Арынды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Сауд Арабиясының Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі қабылдады

Ар-Рияд, 2024 жылғы 24 сәуір - Дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі ретінде Елші Б. Арынды Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министр, САК Климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Әділ әл-Джубейр қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екі ел көшбасшыларының саяси еркі мен қолдауының арқасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап 30 жыл ішінде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың үдемелі дамуын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Бұл ретте, Ә. әл-Джубейр Қазақстанның Сауд Арабиясы үшін маңызды серіктес екенін атап өтіп, мемлекетаралық өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға жан-жақты көмектесуге дайындығын білдірді.

Өз кезегінде, Елші Б. Арын мемлекеттік министр Ә. Әл-Джубейрге екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі мен жеке күш-жігері үшін алғыс білдіріп, оның Сауд Арабиясы сыртқы саяси ведомство басшысы ретінде Қазақстанға алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті.