Елші Б. Арын дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Сауд Арабиясы СІМ басшылығымен кездесті

Елші Б. Арын дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Сауд Арабиясы СІМ басшылығымен кездесті

Ар-Рияд, 2024 жылғы 22 сәуір. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі ретіндегі дипломатиялық миссияның аяқталуына байланысты Елші Б.Арын Сыртқы істер министрінің протоколдық мәселелер жөніндегі орынбасары Абдулмаджид Әл-Самаримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел басшылығы арасында қалыптасқан сенімді диалог пен екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың арқасында соңғы жылдары қол жеткізілген Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін қанағаттанарлықпен атап өтті.

Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Әл-Самари қазақ дипломатына ҚР мен САК арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарға табыс тіледі.