
2023 ж. 19 маусымда Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің (ШАМЫК) штаб-пәтерінде Орталық Азия елдері (ОА) Елшілерінің ШАМЫК басшылығымен және Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдері мен ШАМЫК арасындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде «Орталық Азия-ШАМЫК» өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа форматы аясында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, Шығанақтағы араб елдері мен ОА арасындағы биік және жоғары деңгейдегі саяси диалогты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Осы ретте, кездесуге қатысушылар Кеңес пен ОА елдері арасындағы қарым қатынастардың нығайтудың, сондай-ақ ортақ мүдделердің игілі үшін ынтымақтастықтың барлық салаларын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, екі өңір арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласты.