Қазақстан Елшісі пайдалы қазбалардың болашағына арналған Министрлік дөңгелек үстеліне қатысты

Қазақстан Елшісі пайдалы қазбалардың болашағына арналған Министрлік дөңгелек үстеліне қатысты

On January 10, 2023, a Ministerial Roundtable was held in Riyadh within the second edition of the Future Minerals Forum, which will be held on January 11-12 in the Saudi capital.

The meeting was attended by more than 60 countries represented by Ministers and senior officials, as well as 21 leaders of multilateral organizations, agencies, mining industry and Non-Government Organizations.

Kazakhstan was represented at the event by H.E. Mr. Berik Aryn, the Ambassador of Kazakhstan to Saudi Arabia.

The purpose of the Roundtable was to promote dialogue on the future development of the mining sector, investment in mining and enhancement of collaboration across the region encompassing Africa, West and Central Asia.

During the event, participants agreed the global minerals sector finds itself at a moment of great challenge and opportunity as countries and companies continue to navigate the public health, supply chain, and economic disruption that has resulted amid the COVID-19 pandemic and other geopolitical changes in the world.

The delegates noted that these challenges present the regions and partners with enormous opportunity for technological advancement. Particularly, there was consensus on minerals and metals being vital to achieving a cleaner economy through new and emerging technologies, including electric vehicles, battery storage and renewables energies, as demand for these critical minerals is accelerating.

Following the event, participants agreed to continue collaboration and coordination among their countries and praised the role of the Ministerial Roundtable and the importance of its outcomes in the development of mineral industries.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы 10 қаңтарда Рияд қаласында 11-12 қаңтар аралығында Сауд астанасында өтетін "Пайдалы қазбалардың болашағы" (Future Minerals Forum) атты екінші форумы қарсаңында Министрлік дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына 60-тан астам елдің министрлері мен жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі саласындағы 20-дан астам халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен агенттіктердің басшылығы қатысты.

Іс-шарада Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Қазақстанды таныстырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты тау-кен өнеркәсібін болашақта дамыту, пайдалы қазбаларды өндіруге инвестиция салу және Африка, Батыс және Орталық Азия өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша диалогты ілгерілету болды.

Іс-шара барысында қатысушылар әлемдік тау-кен өнеркәсібі, әсіресе елдер мен компаниялар COVID-19 пандемиясынан және әлемдегі басқа да геосаяси өзгерістерден туындаған қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешумен қатар, шикізатты жеткізу тізбегі мен экономикалық күйзелістерден шығу мәселелерін шешуді жалғастырған кезде үлкен қиындықтар мен мүмкіндіктер сәтін бастан өткеріп жатқанымен келісті.

Елдердің делегаттары аталған сын-қатерлер өңірлер мен серіктестер алдында технологиялық прогресс үшін зор мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Атап айтқанда, пайдалы қазбалар мен металдар жаңа технологиялар, соның ішінде электромобильдер, аккумуляторлық батареялар және жаңартылатын энергия көздері арқылы таза экономикаға қол жеткізу үшін өте маңызды деген консенсусқа қол жеткізілді, себебі осы маңызды ресурстарға сұраныс арта түседі.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді жалғастыруға уағдаласып, министрлік дөңгелек үстелінің рөлін және оның нәтижелерінің жаһандық ауқымда тау-кен өнеркәсібін дамытудағы маңыздылығын жоғары бағалады.