Сауд Арабиясында «Алматы туризм күндері» өтті

Сауд Арабиясында «Алматы туризм күндері» өтті

2022 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Сауд Арабиясының астанасы Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі мен Алматы қаласы туризм басқармасының ұйымдастыруымен "Алматы Туризм күндері" атты роуд-шоу өтті.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын, Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы С.Аманкелді, сондай-ақ Skyway, Tumar-Trans, Complete Service және Almaty Luxury Travel қазақстандық туристік компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Сауд Арабиясы тарапынан Туризм министрлігінің, Инвестициялар министрлігінің, Рияд Сауда-өнеркәсіп палатасы Туризм комитетінің өкілдері, сондай-ақ 120-дан астам Сауд Арабиясы туроператорлары мен авиакомпанияларының басшылары мен өкілдері, олардың ішінде Seera Group, FlyNas, Air Arabia, Shomukh Aviation, Almosafer, Ajwaad Group, Saudi International Travel, Al Sarh, Arjaa, Al Fursan, Star Traveller Agency секілді ірі компаниялар болды.

Елші Б.Арын өзінің құттықтау сөзінде ҚР мен САК арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтті. Атап айтқанда, Б.Арын екі елдің үкіметтері қабылдаған визалық режимді жеңілдету, тікелей әуе қатынасын іске қосу, рұқсат етілген рейстер санын аптасына 14 рейске дейін ұлғайту және т.б. шаралар Қазақстанды сауд азаматтары үшін жаңа туристік бағытқа айналдыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат бұл қадамдар туристік ағымды ұлғайту үшін ғана емес, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сапарлармен алмасу, өзара инвестицияларды тарту, екі ел арасындағы саяси диалогты кеңейту үшін де қолайлы жағдай туғызатынына назар аударды.

Әкімдік өкілі С.Амангелді, өз кезегінде, қатысушыларды Алматы қаласының туристік әлеуетімен және шетелдік туристерді тарту және жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Осы тұрғыда ол биылғы жылы Алматыға келген сауд туристерінің рекордтық өсімі байқалғанын, атап айтқанда олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 70 есе, яғни 4,5 мың адамға дейін артқанын атап өтті.

Қазақстандық туристік компаниялардың қызметі жеке таныстырылып, Сауд Арабиясының азаматтары мен резиденттері үшін бірегей туристік пакеттер ұсынылды, сондай-ақ Алматының табиғи көріністері мен көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясының жетекші лоукостері Flynas өкілдері әуе компанияның қызметі туралы айтып, 2023 жылы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей тұрақты авиарейстердің іске қосылатынын жариялады.

Роуд-шоу аясында B2B алаңдары ұйымдастырылды, онда қазақстандық және саудтық туроператорлары мен әуе компаниялары арасында кездесулер өтті.

Кештің нағыз сәні "Arkaiym" этно-фольклорлық тобының концерті болды, ол көрермендерге көп аспаптық қазақ ұлттық музыкасын және NEO-Ethno-Folk стиліндегі жұлдыру әнін ұсынды.

Сондай-ақ, әлемдік үздік 10 барменнің қатарына кіретін «бар өнерінің» ерекше майталманы Әлібек Жайбергеновтің "флайеринг" шеберлігімен қазақтың дәстүрлі шұбат сусынынан түрлі коктейльдер дайындауды көрсеткен феериялық шоуы қонақтарды ерекше таң қалдырды.

Сонымен қатар, роуд-шоу алаңдарында көшпенділердің ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарын көрсететін этнографиялық көрме ұйымдастырылды, бұл қонақтарға қазақ халқының мәдениетіне енуге, сондай-ақ ұлттық тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік берді.

"Алматы Туризм күндері" кешінің соңында іс-шара қонақтары лотерея ұтысына қатысып, жеңімпаздары Қазақстанға тегін әуе сапары, Алматының үздік қонақ үйлерінде тұру және басқа да бағалы сертификаттар түрінде жүлделер алды.

Жалпы, Сауд Арабиясының қатысушылары Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы қажетті ақпаратты ала алған туристік роуд-шоуды ұйымдастыру жұмысын жоғары бағалады. Осыған байланысты саудтық туркомпаниялар қазақстандық туроператорлармен әріптестік қарым-қатынас орнатуға және Сауд Арабиясында қазақстандық туризмді ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ, қонақтар ұлттық киімдерге, қазақ тағамдарының, мәдениеті мен шығармашылығының молдығына тәнті болды. Кейбір қатысушылардың айтуынша, бұл іс-шара Сауд Арабиясында өткізілген ең үздік туристік роуд-шоулардың бірі болды.