Ғарышты бейбіт игеру саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері Сауд Арабиясының ғарыш комиссиясында талқыланды

Ғарышты бейбіт игеру саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері Сауд Арабиясының ғарыш комиссиясында талқыланды

2021 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд ғарыш комиссиясының бас директоры Мұхаммед әл-Тамимимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ғарыш саласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе және білім алмасу жолдары қаралды.

2011 жылы екі елдің ғарыш ведомстволары арасында "Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеуде және пайдалануда ынтымақтастық орнату туралы келісімге" қол қойылған болатын. Аталған келісім екі елдің ғарыш саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығына, ғылыми-техникалық салалар бойынша ақпарат алмасуға және ғарышты бейбіт игеру бағыты бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізуге мүмкіндіктер беретіндігін атап өткен жөн.