ҚР Елшісі Б.Арын САК Сыртқы істер министрінің орынбасары Айяд аль-Сакафиймен кездесті

ҚР Елшісі Б.Арын САК Сыртқы істер министрінің орынбасары Айяд аль-Сакафиймен кездесті

2021 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы істер министрінің саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айяд Әл-Сақафимен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар екіжақты саяси және сауда-экономикалық салалардағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхамед бен Салман арасында өткен телефон сұхбаты барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.