ПШАМЫК алаңында Орталық Азия елдері мен Кеңес арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

ПШАМЫК алаңында Орталық Азия елдері мен Кеңес арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

2021 ж.13 қыркүйекте Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің (ПШАМЫК) Бас хатшысы доктор Найефа аль-Хаджраф Орталық Азия (ОА) елдерінің Елшілерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдері мен ПШАМЫК арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту жолдарын, соның ішінде «С5-ПШАМЫК» диалог алаңын құру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, екіжақты, көпжақты және өңіраралық ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Осы ретте, ПШАМЫК Бас хатшысы Н.әл-Хаджар Кеңес пен ОА елдері арасындағы қарым-қатынастарды нығайтудың, сондай-ақ ортақ мүдделердің игілігі үшін ынтымақтастықтың барлық салаларын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ОА және ПШАМЫК елдері арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.