Қазақстанның Елшісі Jamjoom Pharma компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Jamjoom Pharma компаниясының басшылығымен кездесті

2021 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын «Jamjoom Pharma» фармацевтикалық компаниясы төрағасының орынбасары Махмуд Джамджуммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылады.

«Jamjoom Pharma» компаниясы бір ғасырлық тарихы бар ірі бизнес-конгломерат болып табылады және оның негізгі қызметі денсаулық сақтау саласын қамтиды. Бүгінгі таңда «Jamjoom Pharma» Сауд Арабиясындағы фармацевтикалық компаниялардың топ-3 тізіміне кіреді және Таяу Шығыс, Африка мен Орталық Азияның 30 елдерінде жұмыс істейді.