Елші Берік Арын Король Әбделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының президентімен кездесті  

Елші Берік Арын Король Әбделазиз атындағы  Ғылыми-техникалық қалашығының президентімен кездесті   

2021 жылғы 11 ақпанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Әбделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының президенті (KACST) Анас Әл-Фариспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар KACST пен қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары арасындағы ғылым мен технологиялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Осы тұрғыда Елші сұхбаттасушыны еліміз тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қазақстандық ғылымның дамуы және оның қол жеткізілген жетістіктері, соның ішінде Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуеті мен оны қазіргі экономикалық жағдайларға бейімдеу барысы туралы хабардар етті.

KACST Сауд Арабиясындағы ғылым мен технологиялардың дамуына, сондай-ақ Корольдіктің әртүрлі мекемелерінің зерттеулерін және осы саладағы  күш-жігерін үйлестіруге толықтай жауапты бірегей тәуелсіз мемлекеттік ұйымы болып табылады.

Бұл қалашықта математика мен физика, энергетика, мұнай химиясы, ғарыш және астрономия, атом энергиясы, радиоактивті қалдықтар, биотехнология, наномедицина, нанотехнология, робототехника, ақпараттық технологиялар экология және адамзат үшін басқа маңызды салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін 35 ірі институт пен орталық қызмет етеді.