Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне сенім грамоталарын табыстады

Манама, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифаға сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, қазақстандық тараптың екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілдігін растады.

Өз кезегінде, Король Хамад Әл Халифа Қазақстан мен Бахрейн арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ қазақстандық дипломаттың қызметіне жемісті жұмыс тіледі.