Қазақстан мен Сауд Арабиясы халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сауд Арабиясы халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуда

Рияд, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Сыртқы істер министрінің көпжақты халықаралық қатынастар мәселелері бойынша орынбасары Әбделрахман Ибрахим әр-Рассимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды жаһандық бастамаларымен таныстырды. Атап айтқанда, Елші Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық бастамасының мәні мен маңызына ерекше тоқталып, толыққанды ақпарат берді.

Сонымен қатар тараптар ислам әлеміндегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін сөз етіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) желісі бойынша алдағы уақытта өтетін жиындарға дайындық барысын пысықтады. Сондай-ақ көлік-логистикалық әлеуетті арттыру мен халықаралық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жоспарланған іс-шаралары аясында өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасты.