Қазақстан цифрландыру саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан цифрландыру саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуде

Рияд, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Цифрлық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Дима Әл-Яхиямен келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында тараптар цифрлық трансформация саласындағы қазіргі жаһандық үрдістер туралы пікір алмасып, цифрландыру саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Қазақстан Елшісі технологиялық прогресс пен инновацияларды жеделдетуге бағытталған халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, Цифрлық ынтымақтастық ұйымымен өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін растады.

Өз кезегінде, Цифрлық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, елдің цифрлық күн тәртібін ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтауға уағдаласты.

Цифрлық ынтымақтастық ұйымы – 2020 жылғы 26 қарашада Рияд қаласында құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым. Ұйым цифрлық саладағы халықаралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ цифрлық трансформацияны неғұрлым инклюзивті ету және цифрлық салаларды дамыту мақсатында жеке сектор, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және азаматтық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.