Қазақстан мен Сауд Арабиясы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Сауд Арабиясы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Рияд, 2026 жылғы 21 сәуір – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Tal Holding Company» төрағасы Мұхаммед Әл-Талебпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды. Қазақстандық экспортты ілгерілетуге, сондай-ақ екі елдің салалық компаниялары арасында тікелей байланыстар орнатуға ерекше назар аударылды.

Тараптар әріптестікті кеңейтуге өзара мүдделілігін растап, бірлескен бастамаларды іске асыру мақсатында өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша өзара тиімді ықпалдастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар келісілді.

 «Tal Holding Company» – Сауд Арабиясындағы агроөнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін жекеменшік компаниялар тобы. Негізгі қызмет бағыттарына ауыл шаруашылығы өндірісін ресурстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және тарату кіреді. Компания Корольдік бойынша кең филиалдар желісіне ие және халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастық орнатқан.