
Рияд, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Қоршаған орта, су және ауыл шаруашылығы министрі Әбделрахман Әл-Фадлимен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар экология, су ресурстары және ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Тұрақты даму мәселелеріне, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқару саласындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Таяу Шығыстағы қазіргі геосаяси жағдай аясында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, саудтық компаниялардың Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторына қатысу перспективалары талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.